Қарағанды қаласында «Адамзаттың Абайы» атты мерекелік шаралар өтіп жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 10 тамыз – Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Қарағанды қаласында бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алғашқы басқосу Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен Абай ескерткішінің жанында өтті. Онда қатысушылар Абай өлеңдері мен қарасөздерін оқып, әндерін шырқады.

Алдымен сөз алған Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің професоры Бейсенбекова Нұрсахан ақынның өмірі, ұлтқа, елге қызметіне тоқталып, Абайға құрмет көрсету – баршамыздың міндетіміз екенін атап өтті.

Іс-шара барысында Ерқанат Кеңесбекұлы, Эльмира Сайлауқызы сынды жас ақындар Абай өлеңдерін оқыды.

Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар кеңесінің мүшелері, этнос өкілдерінен құралған DALA RUHУ фольк-ансамблі мен «Ақниет ардагерлер» ансамблінің қөркемдік жетекшісі Төлеуханова Күліш пен Наталья Арыстанова, Горизанов Владислав, Милана Ким және т.б. ақынның «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» шығармасын нәшіне келтіріп орындады.

Сонымен бірге, қаланың білім беру орталықтарының оқушылары Әлфараби Досжанұлы, Оралхан Ерхан, Каверин Виктор, Қалқожа Аяла, Тоқашев Абылайлар өнерлерін паш етті.

Ұлы баба құрметіне арналған іс-шара сонында ардагер ұстаз Өзбек Исатайұлы, 6505 әскери бөлімінің сарбазы Ермекбай Мұхтар мен көпшілік DALA RUHУ фольк-ансамблінің сүйемелдеуімен Абайдың «Көзімнің қарасы» әнің бірге шырқады.

Іс-шараға қатысушыларға белгілі кәсіпкер, меценат, «Natige» ЖШС директоры Ерлан Әшімнің демушілігімен шығарылған ақынның «Адамзаттың бәрін сүй» кітабы табысталды.

Осы күні Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық филиалының бастамасымен Орталық мәдени және демалыс саябағында «Адамзаттың Абайы» тақырыбында белгілі ақындардың қатысуымен поэзия кеші өтті. Онда ақындар Жанат Жанқашұлы, Салтанат Қайырбек, Сұлтан Дәулетхан, Эльмира Сайлауқызы, Бектас Жұман, Ерік Нарын және Бижан, Нұрдаулеттер Абайға арнаған өлеңдерін оқыса, өңіріге белгілі әншілер Саян Бөдес, Арайлым Жүкенова және т.б. Абайдың әндерін шырқады.

18 тамыз күні осы саябақта «Абай және табиғат» тақырыбында «Жасыл Ел» жасақтары сарбаздарымен еркін форматтағы кездесу кеші өтті.

Абай шығармашылығы – отандық мәдениетіміздің мақтанышы, ұлттық кодтың ажырамас бөлігі. Аталған іс-шараға Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің професоры Бейсенбекова Нұрсахан мен Әлихан Бөкейхан ауданындағы №61 орта мектептің мұғалімі, шәкірттері республикалық Абай оқуларының бірнеше дүркін жеңімпазы атанған ұлағатты ұстаз Дидар Төрекелдіқызы қатысты. Нұрсахан Ахметқызы ақынның өмірі, шығармашылығы, ұлтқа, елге қызметі және бүгінгі жастар арасында насихатталуы жөнінде айтып, «Достық» өленің оқыды.

Дидар Төрекелдіқызы шәкіртке білім беру арқылы елін, жерін сүйетін азаматтарды тәрбиелеудегі еңбегіне тоқталып, шәкірттерінің көптеген мәдени-рухани шараларда жүлдегер болғанын жеткізді.

Іс-шара сонында қала әкімінің орынбасары Ләззат Төкенқызы келген қонақтарға қала әкімі атынан сый-сыйапаттарын жасап, алғысын білдірді. Барлық қатысушылар естелік суреттерге түсті.

Сол сияқты, осы күндері Қарағанды қаласының Oqyrman кітап дүкенінде белгілі ғалым, алаштанушы Тұрсын Жұртбаймен кездесу өтті. Өте қызықты әрі танымды басқосуда «Абай жолы» туралы ғана емес, Мұхтар Әуезовтің шығармашылық жолына қатысты, Алашорда туралы тың мәліметтер айтылды. Бұл кездесуге өңірдің белгілі тарихшылары Жауымбаев Сағындық, Нұрсахан Ахметбекқызы, Мәулен Жакин, Әділет Жағыпар, ардагерлер Ғазиза Ғабдоллақызы, Айткүл Төлеуханқызы, Күлшім Төлеуханқызы, Желтоқсан оқиғасының ардагерлері мен мектеп ұстаздары, жастар, қала тұрғындары қатысты.

Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырды. Оның мұрасы - парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан Абайды оқудан, ақын өлеңін жаттаудан жалықпаған жөн. Сол себептен де Қарағанды қаласының кітапханаларында «Абай - кемеңгер», «Абай - ойшыл», «Абай - дана» тақырыптарында көрмелер, белгілі тұлғалармен кездесулер, дөңгелек үстелдер және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылуда. Ондағы мақсат - рухани ой иірімдерімен жастарды Абайды оқуға, таныуға шақыру.