Облыстық Экология департаментінің мәліметінше, мамандар атмосфералық ауаның жағдайына мониторингіні үнемі жүргізеді. Сынамалар облыс орталығының барлық ауданынан алынады.
Экологтардың айтуынша, түтіннің пайда болуына бірден бірнеше фактор ықпал етеді.
«Желсіз ауа райында немесе температуралық инверсия кезінде жеке сектордың қатты отынмен жанатын пешінің, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың түтіні бірден сейіліп кетпейді. Бұл атмосфераның жоғары ластануының себебі болып табылады. Жеке секторда адамдар негізінен көмір жағатыны белгілі. Сонымен қатар көліктердің қарқынды қозғалысы шығарындылардың жер бетіне шоғырлануын тудырады», – деп атап өтті салалық департаменттен.
Айта кету керек, Қарағанды аумағында атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау 7 бекетте жүргізіледі, оның ішінде төртеуі қолмен және үшеуі автоматты түрде іріктеледі. Сонымен қатар,қалада «Экосервис-С» ЖШС-ның 10 бақылау пункті жұмыс істейді.
Жұма күні экологтар атмосфералық ауа жағдайына кезекті мониторинг жүргізді. Нәтижелер кейінірек хабарланады.
Айта кету керек, Экология департаменті «Қазгидромет» РМК филиалынан ауа жағдайының нашарлағаны туралы хабарлама келген бетте сынама алуға шығады.