«Қарағанды қаласының әкімі Бауыржан Әбдішевтің басқаруымен әкімдіктің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері науқас бүлдіршіндер үшін қан тапсыру ақциясына атсалысты. 50-ден астам адам игілік шарасына қатысып, донор атанды», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қаланың билік өкілдері мүгедек балаларға да көңіл бөлді. «Мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі 50-ден астам балалардың үйіне барып, сыйлық табыс етті», - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Қала әкімі балаларға ойыншықтар мен кітаптар және тәттілер сыйлады.