Шағын және орта бизнесте байланыс саласының мамандары жетіспейді. Кәсіпкерлер колледждердің жоғары білікті мамандарды даярлап шығаруы үшін білім ордаларындағы зертханаларды жабдықтап, материалдық жағынан көмек қолын созуда.
«Кәсіпкерлер индустриялды-технологиялық колледжі өз қамқорлықтарына алып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде.
Колледжде құрамына бірнеше кәсіпкер кіретін қамқоршылық кеңесі құрылды, келісімшарт аясында оқу процессінде студенттерге қажетті барлық құралдармен жабдықтауда», - деп хабарлады өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Өңірлік кәсіпкерлер колледждің зертханасын 4 миллион теңгеге жабдықтармен қамтамасыз етті.
«Колледжде «Электр байланысы сызықтық құрылғыларын және сымды хабар таратуды эксплуатациялау» мамандығы бойынша дуальді оқытуды енгізу іс-шарасын жүзеге асыру мақсатында төрт фирмамен төрттарапты келісімшарт жасалды. Кәсіпкерлердің арқасында білім ошағымыздың материалдық-техникалық базасын жаңарттық: заманауи техникалармен жабдықталған зертхана аштық», - деді колледж директоры Ирина Кисилева.
Қазір студенттер оқуға арналған барлық қажетті құралдармен жабдықталды. Бұл көмек олардың оқуға деген ынтасын арттырды.
18:16, 04 Сәуір 2017
Қарағанды кәсіпкерлері колледжге 4 млн теңгенің жабдықтарын алып берді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлер қажетті мамандарды жұмысқа тарту үшін Қарғандыдағы колледжге оқу құралдарын сатып әперіп, алдыңғы қатарлы техникалар зертханасын жабдықтауда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.