«Туған жер» бағдарламасы бойынша өңірімізде айтулы жұмыстар атқырылып жатыр. Біз 13 млрд теңге болатын 400-ден аса ірі әлеуметтік жобаларды іске асыруды бастадық. Оның 5 миллиардтан астамы жеке тұлғалардың үлесінде», - дейді облыс әкімі.
Ерлан Қошановтың айтуынша, «Шахтерск» деп аталатын шаруа қожалығының өкілдері өз ауылына 260 миллион теңге тұратын үлкен спорт кешенін өздері салып, мемлекетке тарту еткен.
«Мұндай мысалдарды облысымызда көптеп келтіруге болады. Дегенмен де, «Рухани жаңғыру» тек қана меценаттардан қаржы жинау ғана емес, ең бастысы ортақ мақсатқа әрбір қарағандылықтың белсенді түрде атсалысатынына сенімдіміз», - дейді Ерлан Қошанов.