Көмір өндіру өнеркәсібі Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі.
«Биылғы жылы аймақта 36 миллион тонна көмір өндіру жоспарланып отыр. Бұл былтырғы жылдмен салыстырғанда 21 пайызға артық. Көмір өндірісінің бұл көрсеткіші посткеңстік кезеңдегі өндіріс көлеміне таяп қалды. 1991 жылы 45 миллион тонна көмір өндірілген», - деді Қарағанды облысы өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмасұлтанов.