Атап өтілгендей, келешекте қала көшелерінде басқа да тарихи қайраткерлердің портреттері мен Гёте, Лермонтов және Абайдың өлең шумақтары жазылған жарнамалық тақталар пайда болады.
«Бұл тәрбиелік мәні бар іс-әрекет. Бала билбордтағы суретті көріп, оның кім екенін сұрауы әбден мүмкін. Сол кезде ересектер Абайдың кім екенін, оның шығармалары туралы айтып береді. Бұл, баланың әдебиет пен тарихқа деген қызығушылығын тудырады», - дейді жарнама агенттігінің басшысы Асқар Қарашолақов.
Оның айтуынша, бір портретті орналастыру шашамен 35 мың теңгені қажет етеді.
Алдағы уақытта олардың орнына қайтадан жарнамалар ілінуі мүмкін.