Полицейлер, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер мен прокурорлар Жаңаарқа ауданындағы шалғайдағы 33 ауылға, 17 шаруа қожалығына, 49 қыстауға, сондай-ақ Атасу кентіне, Қызылжар станциясына, 12 ауылдық округке барған.
«Барлық жұмысшыларды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп, олардың сұрауы бойынша жеке куәліктерін алуға көмектестік. Аталмыш елді мекендерде мәжбүрлі түрде жұмыс істеп жатқан адамдардың жоқ екендігін мәлімдейміз. Барлық жұмысшылар өз еріктерімен жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Жұмысшылар да қыстауда жұмыс істеу үшін ешкімнің өздерін мәжбүрлемегендігін айтты.
Сондай-ақ, көптеген жұмысшылардың еңбек келісімшартын рәсімдемей жұмыс істеп жатқандықтары анықталды.