Қарағанды маңындағы трассада ірі көлік апаты болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 9 ақпан күні Қарағандыдан шыға берісте, Дубовка ауылы маңындағы  трассада аса ірі жол-көлік оқиғасы болды, алты автокөлікке зақым келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Таңертең бұрқасын салдарынан жолдың дұрыс көрінбеуінен алты автокөлік соқтығысты. Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 610-бабы, 1-бөлімі бойынша хаттама толтырылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Айыпты тұлғаны анықтау жұмыстары жүргізіліп, жол-көлік оқиғасы болған орын схемасы сызылып жатқанда, зақымдалған автокөліктер жол бойында тұрды және көлік қозғалысына айтарлықтай кедергі келтірді.

«Қазіргі уақытта жол ашық. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Ішкі істер департаменті жолаушыларды аса мұқият болуға және ауа райы болжамына зер салып жүруге шақырады», - деді Б.Құдияров.