Қарағанды мектептерінде оқушылардың тамақтануы бойынша жоба іске асырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының 15 мектебінде оқушыларды сауықтыру бойынша жоба жүзеге асырылып жатыр. Өзара серіктестік жайлы меморандум Білім және Денсаулық басқарамалары мен «Нұр Отан» партиясының қарағандылық филиалы арасында құрылды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұл жоба пилоттық режимде еліміздің барлық өңірлерінде іске қосылды. Оның мәні білім мекемелерінде ас мәзірі өзгертілетінінде - зиянды тағамдардан бас тартылып, анағұрлым пайдалы азық-түліктер қолданылады. Дене шынықтыру белсенділігіне баса назар аударылып, алдын алу және шынығу шараларын өткізуге көңіл бөлінеді.

Қазір жобаға қатысушы мектептерде балаларды медицина қызметкерлері тексеріп жатыр. Бұл шара оқушылардың жалпы денсаулығын тексеру мақсатында жасалып отыр. Барлық жиналған мәліметтер талдау өткізіліп, сараланады.

- Өкінішке орай, біз барлығымыз балаларды мектепке дені сау күйінде алып келеді, алайда 11-ші сыныпқа қарай оларда денсаулықтарына қатысты проблемалар туындайды. Осы жоба арқылы біз ол проблемаларды барынша азайтуға тырысамыз, - деп мәлімдеді Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жетекшісі Қайрат Баймұхамбетов.

Сауықтыру бағдарламасы сондай-ақ Қарағанды облысының төрт балабақшасында да іске қосылды. Балалармен онда спортпен шұғылданып, тұзды шахталарға алып барып, шынықтырады.

Осыған дейін еліміздің барлық мектептері жаңартылған ас мәзіріне ауысады деп хабарланған болатын. Дәлірек айтар болсақ, білім беру мекемелерінің асханаларында шұжықтар, сосискалар, күрделі салаттар, ірімшік және сүт өнімдеріне тыйым салынды.