Қарағанды мектептерінде оқушыларға мамандық таңдауға көмектесетін педагог пайда болады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қала және ауыл мектептеріндегі оқыту сапасын теңестіру. Қарағанды облысының білім қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінде осындай міндет қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектепке дейінгі білім беру және оқыту бағдарламасына деген көзқарас түбегейлі өзгереді. Талап балаға емес, күні бойы ойын әрекеті арқылы тәрбие сабақтарын өткізетін мұғалімге қойылды. Бағдарлама әр баланың даралығына бағытталған және сабаққа уақыт белгілеуден толығымен бас тартады», - деді білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова.

Балалардың оқу уақытын жаңаша ұйымдастыруға және олардың дербестігін дамытуға «Бір топтағы екі тәрбиеші» бағдарламасы мүмкіндік береді.

Ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыруға «Қала – ауыл», «Жас математик» сырттай мектебі, «Виртуалды мектеп» жобалары бағытталған.

Сондай-ақ, «Репетитор» пилоттық жобасы іске қосылады.

Ауыл мектептерінің мыңдаған түлектері мен әлеуметтік осал отбасылардың балалары ҰБТ-ға онлайн режимде тегін дайындалады.

Жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептерде кәсіптік бағдар беретін педагог штаты енгізіледі.

«Мамандығым – болашағым» жобасы шеңберінде болашақ мамандығын қоса алғанда, жаңа кәсіптер атласы әзірленеді.

38 колледжде бірінші жұмыс орнымен қамтамасыз ету үшін жұмысқа орналасуға жәрдемдесу қызметі енгізілді.

Жыл соңына дейін ондай қызмет барлық орта кәсіптік оқу орындарында ашу жоспарланып отыр.

Педагогтарды қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету де жалғастырылуда. Өткен жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан 24 пәтер бөлінді.

Бұқар жырау ауданының Доскей ауылында мұғалімдер алатын көппәтерлі үй жөнделуде.

Конференцияда Ы. Алтынсарин төсбелгілері, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Еңбек ардагері», «Мейірім – әлемге махаббатпен» марапаты, сондай-ақ облыс әкімінің алғыс хаты табыс етілді. Жас мамандар да назардан тыс қалған жоқ.

«Мен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде грантта оқыдым. Тәжірибе жинақтау үшін еңбек жолымды өз мектебімде бастадым. Жастарымыз жақсы білім алуы үшін бұдан да көп жұмыс істеймін. Өзіме артылған үмітті ақтауға тырысамын», – дейді Осакаров ауданы Ә. Бөкейхан атындағы тірек мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Еламан Масалим.