Қарағандылықтар өткен маусыда Қазақстан Премьер-лигасында чемпиондық атағын сақтап қалса, белградтықтар 2011/2012 жылғы маусымда Ресейдің екінші дивизионының «Орталық» аймағында бірінші орын алған болатын. Сергей Ташуев жаттықтыратын «Салют» ойыншылары «Шахтер» қақпасына соққан 2 допты да ойынның бірінші жартысында енгізді. Оған қарағандылықтардан тек екінші таймның ортасына таман колумбиялық легионер Роджер Каньянс есепті 1:2-ге дейін қысқартты. Роджер бұған дейін Германияның «Сандхаузен» командасымен болған спаррингтік кездесуде де бір мәрте көзге түскен болатын. Онда олар қарсыластарына 2:4 есебімен ұтылған еді. Енді 22, 27 қаңтар күндері Украинаның Ужгрод қаласының «Говерла» және Луганск қаласының «Заря» командаларымен күш сынаспақ.
12:18, 18 Қаңтар 2013
Қарағанды мен Белград футбол клубтары арасындағы кездесу 1:2 есебімен аяқталды
АЛМАТЫ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше Түркияның Анталия қаласында футболдан Қарағандының «Шахтері» мен Белградтың «Салюті» арасында спаррингтік кездесу өтті.