Қарағанды мен Павлодар облыстарынан шығатын барлық жолдар жабылды - Қазавтожол

None
АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Боранға байланысты бүгін сағат 10:30-дан бастап Қарағанды және Павлодар облыстары аумағында барлық бағыттар бойынша көлік қозғалысына тыйым салынды.

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұдан бөлек, Ақмола облысындағы боран салдарынан 23 қаңтар күні автокөліктің барлық түрлері үшін мына жолдар жабылды:

Сағат 01.00 бастап "Астана-Қорғалжын" 19-180 шақырымы;
Сағат 02.10 бастап "Астана-Петропавл" 18-341 шақырымы;
Сағат 03.10 бастап "Астана-Ерейментау-Шідерті" 24-205 шақырымы;
Сағат 03.10 бастап "Екатеринбор-Алматы" 1280-1353 шақырымы;
Сағат 03.10 бастап "Екатеринбор-Алматы" 963-1184 шақырымы;
Сағат 03.10 бастап "Щучинск-Зеренді" 0-80 шақырымы;
Сағат 03.10 бастап "Көкшетау-Атбасар" 0-120 шақырымы.

Онымен бірге, Шығыс Қазақстан облысы аумағында автокөліктің барлық түрлері үшін мына жолдардағы қозғалысқа шектеу қойылды:

22 қаңтар сағат 22.30 бастап "Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы" автожолының 54-123 шақырымындағы "Первомайка-РФ шекарасы" аралығында;
22 қаңтар сағат 23.00 бастап "Өскемен-Зырян-Рахман қайнары" жолының 6-165 шақырымындағы "Степное-Зырян" аралығында;
23 қаңтар сағат 10.15 бастап "Өскемен-Таврия-Семей" 48-154 шақырымындағы "Таврия-Бұлақ" аралығында.