Қарағанды мен Теміртаудағы суицидке деструктивті ойындардың қатысы тексерілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Теміртау мен Қарағандыдағы балалар суицидінен кейін облыстық білім басқармасы ата-аналарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қарағанды мен Теміртаудағы соңғы екі оқиға облыстық білім басқармасын ата-аналарға балалардың ұялы телефондарын, кімдермен сөйлесіп жүргенін, тіпті жазған хаттарын тексеруге шақыруға мәжбүр етті. Осыған байланысты қазір жауапты орындар балалар суицидіне деструктивті ойындардың қатысын тексеріп жатыр»,-деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Білім басқармасы ата-аналарға балаларының суреттеріне, әлеуметтік желідегі жазбаларына, достарына және ұялы телефондағы хаттарға назар аудару жөнінде кеңес береді.

Еске сала кетейік, 3 желтоқсан күні Қарағандыдағы №23 мектептің оқушысы өзіне қол салған. 8 желтоқсан күні 10 жастағы оқушы да дәл осылай көз жұмды.

Полиция аталған оқиғаларға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.