Бүгін Астана қаласының орталық алаңында Қарағанды облысының өкілдері жәрмеңке өткізуде. Әр аудан өзінің қолөнер бұйымдарын, сүт және ет өнімдерін, жеміс-жидектерін алып келді.
Астана әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңкеге Қарағанды облысының ауыл шаруашылығымен айналысататын барлық аудандары және Қарағанды, Теміртау, Сарань, Шахтинск және Балқаш қалаларының қайта өңдеу кәсіпорындары қатысып отыр. Қонақтарға арналған 3 киіз үй, сауда жасайтын 85 шатыр тігілген.
Жәрмеңке аясында қымыз және бауырсақ фестивалі де жұртшылық назарына ұсынылған. Сонымен қатар, алаңда өлкетану мұражайының дүниелері мен қолөнер шеберлері заттарының көрмесі болып жатыр.