Қарағанды облысы аумағында барлық бағыттарда қоғамдық және жүк автокөлік түрлері үшін жол жабылды

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы аумағында барлық бағыттарда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, бүгін сағат 19.00 бастап қолайсыз ауа райына (жаңбыр, көктайғақ) байланысты барлық бағыттарда қоғамдық және жүк автокөлік түрлері үшін жол жабылды.