Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК -ның баспасөз қызметі хабарлады. 2 қаңтарда кешқұрым Қарағанды облысы бойынша ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты (жаңбыр аралас қар, аздаған көктайғақ) қоғамдық және жүк автокөліктерінің қозғалысына шектеу қойылды. Атап айтқанда, бұл шектеу Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары және де Астана, Алматы, Жезқазған қалалары бағыттары бойынша белгіленді.
3 қаңтарда сағат 09:30-да аталған жолдарда көлік қозғалысы қалыпты режимге көшірілді, ал Ақсу-Аюлы және Балқаш қаласы бағытындағы жолдар әлі де жабық. «Қазақавтожол» РМК -ның қар тазалау техникалары 2 қаңтардан бастап республикалық маңызы бар осы жолдарды қардан тазалап, көктайғаққа қарсы материалдарды төсеу жұмыстарын атқаруда.