Қарағанды облысы аумағындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Аязға байланысты Қарағанды облысы аумағындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

Атап айтқанда,сағат 18:00-дeн бастап ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Қарағанды облысы бойынша барлық бағыттарда қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктерінің жолға шығуына тыйым салынды.