Бұл соманың 1 млн-нан астамы бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жасайтындар, яғни өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, фрилансерлер, үй шаруасындағы әйелдер төледі. Қалған қаражат - жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін жасаған аударымдары. Ел бойынша қыркүйек айында медициналық сақтандыру қорына түскен түсім 9,3 млрд теңгені құрады.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) түскен барлық қаражат сенімгерлік басқару шарты жасалған Ұлттық банкте сақталады. Кейіннен МӘМС аясында көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі», - деп түсіндірді Қарағанды облысы бойынша медициналық сақтандыру қорының филиалының директоры Фазыл Копобаев.