Қарағанды облысы биыл БАӘ-ге 1 мың бас қой экспорттады
«Жаңаарқа ауданының «Жеңіс» асылтұқымды мал зауыты» ЖШС Біріккен Араб Әмірліктерінің азық-түлік тауарларын импорттайтын жетекші компаниясымен 10 мың бас қойды жеткізу туралы келісімшартқа қол қойған. Қазіргі уақытта БАӘ-ге алғашқы 1 мың бас қой экспортталды. Экспортқа қажетті мал басын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық кооперативтері жұмылдырылады», - деді Мамалинов.
Оның сөзінше, тағы 1200 бас қойды өзге елге жөнелту жоспарлануда. Әкім орынбасарының мәліметтері бойынша, облыста 1,1 млн. бас қой бар.
«Жылқы саны бізде 275 мың бас. Жылдық өсім 4-5 пайызды құрайды. Облыста шағын шаруа қожалықтары мен өзіндік қосалқы шаруашылықтарды ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтеріне біріктіру жұмыстары жүргізілуде», - деп атап өтті ол.
Жалпы, Қарағанды облысында агроөнеркәсіптік кешен саласында 49 млрд. теңгеге 62 инновациялық жоба қолға алынуда. Қаржылық қолдау қоры арқылы 37 млн. теңгеге 17 мал бордақылау алаңы салынған.