Мақсат Исин 1986 жылы дүниеге келген. 2007 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ды бітірді. 2015 жылы «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша Қазтұтынуодағының ҚЭУ дипломын алды.
2012-2018 жылдары Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы, №2 Ұлытау аудандық сотының аға сот приставы, сот отырысының бас маманы-хатшысы, Қарағанды облыстық сотының материалдық-техникалық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы болды. Инфрақұрылымды қамтамасыз ету және дамыту бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін облыстық соттар Әкімшісі басшысының орынбасары болды.