деп хабарланды өңір басшысының баспасөз қызметінен.
Бұған дейін А. Ахметова аталмыш басқармада басшының орынбасары болып қызмет етті.
Оның екі жоғары білім бар: «Халықаралық экономикалық қарым-қатынастар, экономист», «құқық бакалавры» мамандықтары бойынша Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Облыстық коммуналдық жекеменшік және мемлекеттік сатып алулар департаментінде, облыстық қаржы департаментінде, сондай-ақ Қарағанды облысы әкімінің аппаратында - өңірлерді дамыту бағдарламасының басым бағыттарын бақылау, әлеуметтік-экономикалық даму бөлімдерінде қызмет етті.