Қарағанды облысы энергетика және ТКШ басқармасының бастығы қызметіне Мұхтар Адамбеков тағайындалды

None
ҚАРАҒАНДЫ. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы энергетика және ТКШ басқармасының бастығы қызметіне 45 жастағы Мұхтар Адамбеков тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

«Облыс әкімі Бауыржан Әбдішевтің өкімімен энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы қызметіне М. Адамбеков тағайындалды. Ол бұған дейін аталмыш басқарма бастығының орынбасары болды», - делінген хабарламада.

М. Адамбеков 1967 жылы дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар, біліктілігі бойынша заңгер, экономика бакалавры. Өзінің еңбек жолын 1991 жылы «Тау» сыртқы экономикалық ассоциациясы директорының орынбасары қызметінен бастады.

2000 жылдың қыркүйегінен бастап мемлекеттік қызметте.