Қарағанды облысы қаржы басқармасының бастығы болып Қ.Бекмағамбетова тағайындалды

None
ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовтың өкімімен Құралай Мәдешқызы Бекмағамбетова облыстық қаржы басқармасының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Облыс әкімі жаңа тағайындау туралы сәрсенбі, тамыздың 18-і күні облыстық қаржы басқармасының ұжымымен жұмыс бабы бойынша кездесуі барысында мәлім етті.

Қ.Бекмағамбетова 1957 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, 1979 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. ЖОО-ны аяқтаған соң облыстық қаржы басқармасына жұмысқа орналасып, аға экономист қызметінен бастықтың орынбасары дәрежесіне дейінгі еңбек жолын өтеген.