««АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті шахталар мен байыту фабрикаларының, барлық 13 кәсіпорынның даму стратегиясын әзірледі. Құжатта 2042 жылға дейінгі кезең қамтылған», - делінген ақпаратта.
Мәселен, 2020-2041 жылдарға көмір өндіру жобаларын әзірлеу бойынша техникалық тапсырма «Қарағандыгипрошахт» ЖШС институтына берілді. Ал 2019-2023 жылғы стратегияда көмір өндірісін 10% (2018 жылғы деңгейге қарағанда) және ұңғылауды 20% арттыру көзделген.
«Жаңа технологияларды дамыту, жабдықтарды жаңғырту, құрылыстарды қайта жаңарту жұмыстары жоспарлануда. Ірі жобалардың қатарында «Тентек» шахтасында жаңа клеткалық оқпан салу, Күзембаев атындағы шахтаны желдетуді қайта жаңарту, сондай-ақ «Восточная» ОБФ қалдық қоймасының екінші кезегін салу жұмысы бар. Көмір департаментінің барлық шахталарында жайғастыру жүйесі енгізілуі тиіс. Ол өндірісте автоматтандырылған және сандық бақылау әдістерін дамытуды, тау-кен шахталық жабдықтарды жаңғыртуды көздейді. Мұндай жүйе «Қазақстан» шахтасында сыналды», - делінген әкімдік мәліметінде.
Атап өтілгендей, стратегияны орындау кеншілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді және жерасты еңбегінің қауіпсіздігін арттырады.