Қарағанды облысы құрылыс басқармасының басшысы сыбайлас жемқорлыққа күдіктеліп, тұтқынға алынды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы құрылыс басқармасының бастығы Темірғали Дүйсенбаев сыбайлас жемқорлыққа күдіктеліп, екі айға тұтқынға алынды. Бұл туралы Қазбек би аудандық сотынан хабарлады.

«Т.Дүйсенбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу жөнінде санкция берілді», - делінген хабарламада.

Соттың ақпараты бойынша, құрылыс басқармасының бастығы аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыруға ҚР ҚК 4-бөлімі 176-бабы) күдіктелуде.