Қарағанды облысы: Саран саябағын талқандағандар анықталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Саран қаласындағы саябақты талқандаған бұзақылар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Саран қаласында белгісіз біреулер саябақтағы орындықтарды және өзге де мүліктерді қиратып, сындырып кеткен еді. Бұл мәселе әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын.

Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, саябақта бұзақылық жасағандардың аты-жөндері анықталды. Олар сол маңайдағы бейнекамералардың біріне түсіп қалған.

«Бұзақылық жасағандар кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер болып шықты. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,-деп  хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Бақытжан Құдияров.

Арайлым Сатыбалдықызы


Фото: chr.mk.ru/а