Өз құттықтауында өңір басшысы азаттық таңы атқан жылдары тұңғыш ғарышкеріміздің шығуының қандай маңызды болғанын атап өтті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің күш салуымен, ғарыш кемелері бастау алған өңірдің баласы ғарышқа ұшты.
«Мемлекет басшысының таңдауы сізге, Тоқтар Оңғарбайұлы, біздің жерлесімізге, нағыз лайықты кандидатқа түскенімен мақтаныш етеміз. Сіздің жанкештілігіңіз бен еңбекқорлығыңыз жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды», - деді Нұрмұхамбет Әбдібеков мерейтой иесіне сый-сияпат табыс ете отырып.
Сонымен бірге, ресейлік және аустриялық ғарыш саласының өкілдері Тоқтар Әубәкіровты құттықтауға келді. Бұлар: КСРО ұшқыш-ғарышкері, КСРО батыры Александр Волков, ұшқыш-сынақшы, КСРО батыры Георгий Маслов, Аустрияның тұңғыш ғарышкері Франц Артур Фибек, ұшқыш-сынақшы, РФ батыры Марат Алыков, Ресейге еңбек сіңірген машина жасаушысы Валерий Новиков, авиаконструктор Артем Микоянның ұлы Ованес Микоян және басқалары.
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл күні авиация генерал-майорын елдегі шығармашылық интеллигенция өкілдері алып жүрді. Олардың арасында, халық әртісі, композитор Ескендір Хасанғалиев, опера әншісі Бибігүл Төлегенова, жазушы, ақын Серік Тұрғынбекұлы бар.