Осакаровка кентінің әкімі Серік Әкімжановтың айтуына қарағанда, магистральдағы құбыр желісінде ауа кептелісі коммуналдық апатқа себепші болған.
«Ауа кептесілісін үрлеу арқылы тазартуға тура келді. Қазіргі уақытта су ауыл тұрғындарына жете бастады», - дейді кент әкімі.
Қызмет көрсетуші компанияның станциясындағы сорғы қалыпты жұмыс істеп тұрғандықтан, апаттық қызмет құбырдың қай жерде зақым келгенін екі апта бойы іздеген.
«80-ге жуық отбасы, яғни 200 адам сусыз қалды. Әр отбасыда балалар бар. Оларға күнделікті тамақ беріп, киімін жуу керек. Егер біздің қоңыраулар мен шағымдарға уақтылы маңыз бергенде, құбырдағы мәселе 1-2 тәулікте шешіліп кетер еді», - дейді Наталья Сәбитова.
Кент тұрғындары күнделікті шаруашылыққа және малды суару үшін қарды ерітулеріне тура келген. Ал ауыз суды сатып алып отырған.