Аталмыш тестілер дәріханаларда сатылатын болады. Вирустың бар-жоғын бір тамшы қан тамызып, тестінің көмегімен анықтауға болады. Мұндай сынаманың дәлдігі 80 пайыз.
«Жедел тестілер инкубациялық кезең барысында вирустың бар-жоғын анықтамайды, ал оң нәтиже болған жағдайда егжей-тегжейлі тексеруден өту қажет», -деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.
Оның айтуынша, қазір басты міндеттердің бірі – короновирус инфекциясын анықтайтын зертханаларды ұйымдастыру болып отыр.
«Таяу арада біз екі немесе үш сондай зертхана ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл облыстың қажеттілігін өтеу үшін жеткілікті болады», - деп атап өтті Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыста тәулік бойы карантинде 113 адам бар. Алғашқы түскендер үйге жіберіле бастады. 16 наурызда стационардан алты адам шықты - олар карантиннің толық мерзімінен өтіп, қажетті талдау тапсырған. Сараптама нәтижесі бойынша олардың қанынан короновирус табылған жоқ. Үй карантинінде 39 адам отыр. Тағы 284 адам -медициналық бақылауда, 273-і қашықтан бақылауда. Олардың ешқайсысында короновирус белгісі жоқ.
Сондай-ақ, Қарағанды облысында жедел жәрдем шақырулар саны ұлғайған жоқ - барлық станциялар штаттық режімде жұмыс істеуде.
Сонымен қатар өңірде медициналық масканың жетіспеушілігіне қатысты мәселе шешілуде. «МФ Мерей» ЖШС компаниясы тәулігіне 400 мың маска өндіреді. Олар Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған және басқа қалалардың дәріханаларына жеткізіледі.
«Қазір облыстың арнайы медициналық жабдықтау базасында 173 мың метр марлі бар. Біз медициналық қызметкерлерге, полицияға, ХҚКО қызметкерлеріне және адамдармен тікелей байланыста болатын басқа да қызметтерге арналған таңғыштарды тігу үшін жол іздейміз», - деді Ержан Нұрлыбаев.
Сондай-ақ, ол бағаны негізсіз көтере отырып, жеке қорғану құралын сатуда алыпсатарлық үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салды. Мониторинг күн сайын жүргізіледі, оның ішінде интернет сауда қадағаланады.
Ержан Нұрлыбаев алдын алудың ең тиімді шарасы өзін-өзі оқшаулау екенін атап өтті. Адамдар көп жиналатын жерге барудан бас тартуды ұсынады. Қажет болған жағдайда азық-түлік алуға бір адамды ғана жіберу, қарбалас уақытта қоғамдық жерден аулақ болу керек. Тапсырыс жеткізу қызметін пайдаланған жөн. Сондай-ақ дәрігерлер медициналық маска киіп, антисептик құрал пайдалануды ұсынады.
Сұрақтар болса Денсаулық сақтау басқармасының call – орталығына 8 (7212) 955-559 нөміріне қоюға болады.