Қарағанды облысынан ҚР Президентімен «тікелей желіге» күрмеуі күрделі көптеген сұрақтар мен өтініштер түсті

sp;ҚАРАҒАНДЫ. Қарашаның 13-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысынан ҚР Президентімен «тікелей желіге» күрмеуі күрделі көптеген сұрақтар мен өтініштер түсті.

Сұрақтардың сипаты аймақ үшін проблемаға айналған барлық көкейкесті мәселелерді қамтиды. Мемлекет басшысына  жасы 70-ке толғаннан кейін өздеріне төлем төлеу тоқтатылған регрессшілер сұрақ жолдады. Жойылған «Валют-Транзит Банк» салымшылары ақшаларын қайтаруды тездеуге көмектесуді сұрайды. Кеншілер зейнетке шығу жасын төмендету тақырыбын тағы да көлденең тартып отыр.

Сұрақтардың басым көпшілігі әлеуметтік және тұрғын-үй коммуналдық салаларға қатысты. Жеке сипаттағы, негізінен сот ісіне қатысты өтініштер де бар.