Қарағанды облысында 125 мың теңге ұрлады деп күдік келтірілген 6-шы сынып оқушысы ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында қылмыстық полиция қызметкерлері 125 мың теңге ұрлады деп күдік келтірілген 6-шы сынып оқушысын ұстады,

деп   хабарлады  облыстық  ішкі істер департаментінің    баспасөз қызметінен.

Ақша    қала тұрғындарының  бірінің   үйінен  тамыздың  18-інде    ұрланған.   Ақшамен қоса,  біраз  дүние  қолды болған.  «Қарқаралы ауданы  ішкі істер бөлімінің  қызметкерлері   жақында    осы  қылмыстың бетін ашты.   Ұсталған  6-ыншы сынып оқушысы    кінәсін мойындап  отыр.     Ұрланған    заттар  мен ақша тәркіленді»,  -  деп хабарлайды  департаменттің баспасөз қызметі.