Өңірлік ТЖД-ның мәлімдеуінше, Балқаш маңындағы Техснаб кентінде жоғалған ұл бала екі күннен бері іздестіріліп жатыр.
Бастапқы дерек бойынша, екі жасар бала аулада ойнап жүрген, кейін үйдің аумағынан шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен.
Іздеушілер үйдің маңайын, ауылдағы құдықтар мен шұңқырлар, Балқаш көліне құятын арналарды қарап шықты.
Департаменттің мәлімдеуінше, ішкі істер органдарымен бірлесіп іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру бойынша штаб құрылған. Оған өрт сөндірушілер, құтқарушылар, кинологтар, еріктілер жұмылдырылған.