Оқиға Қаражал мен Қарағанды арасындағы күре жолда орын алды. Салонда болған бес бала мен 15 ересек жолаушы зардап шеккен жоқ.
«Апат орнында «Автопарк № 3» ЖШС техникалық қызметі, сондай-ақ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жұмыс істеуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар жолшыбай көліктермен жақын жердегі Қарамұрын ауылына жеткізілді.
Жол-патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушінің көлікке неліктен ие бола алмай, автобустың жыраға құлап кетуіне жол бергенін анықтау үстінде.
Бұдан бұрын, облыстық ІІД баспасөз қызметі жүргізушілерге ауа райының қолайсыз жағдайында жолда абай болуды ескерткен болатын.