Қарағанды облысында 20 жолаушысы бар автобус БМВ көлігімен соқтығысты

None
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - «Сәтбаев-Жезқазған» автожолының үшінші шақырымында сағат кешкі жетіде 20 жолаушысы бар «Нефаз» автобусы мен БМВ маркалы автомашина соқтығысты,

деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Жол-көлік апаты салдарынан БМВ көлігінің 16 жасар жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, жүргізуші ауруханаға жеткізілді.