Нұра өзенінің үстімен өтетін бұл көпір 2015 жылы көктемгі су тасқынының салдарынан бұзылған болатын. Ол республикалық және облыстық бюджет есебінен қалыпқа келтірілді. Жөндеу жұмыстары 2016-шы жылдың қыркүйегінде басталып, өткен жылдың желтоқсанына дейін жалғасқан.
Жөндеу жұмыстарының нәтижесінде ұзындығы 132 метрді құрайтын төрт аралық көпір бұрыңғы қалпынан бір метрге биіктеді. Өткелдің ашылуын автокөлік иелері тағатсыздана күткен болатын, себебі оларға айналма жолмен 9 шақырым артық жол жүруге тура келген.