«Біздің кәсіпкерлер арасында мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін түсіне отырып, оған үн қосушылар қатары көбейе түсуде. Инвестициялық жобалар нақ осы денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылып отырғаны қуантады. Менің пікірімше, мұнда қоғам үміттері, бизнес пен мемлекет мүмкіндіктері сәтті үйлесім табуда», - деді Н.Әбдібеков.
Өңір басшысы 2015 жылдың қорытындылары бойынша халықпен есепті кездесуде денсаулық сақтау саласына 1 млрд. теңгеден астам инвестиция тарту туралы әңгіме қозғалғанын еске салды. «Сол кездесуден бері көп уақыт өткен жоқ. Менің білуімше, бұл бағытта ұдайы жұмыс жүргізіп келеді және ол оң нәтижелерге жетуге мүмкіндік берді», - деп атап өтті өңір басшысы.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ержан Нұрлыбаев өңірде кепілді тегін медициналық көмек ауқымында медицина қызметтерінің көлемін кеңейту мақсатында өңірде жеке инвестицияларды тарту жөнінде жоба жасалғанын айтты.
«Оның жүзеге асыру тетігі жеке инвесторларға заманауи жабдықтарды пайдаланумен медициналық қызмет көрсету үшін жағдай туғызуды көздейді. Бүгінгі таңда қазірдің өзінде Қарағанды, Балқаш және Жезқазған қалаларында әйелдер босанатын ұйымдарда эксперттік кластардағы УДЗ кабинеттерін ашу бойынша 228 млн. теңгеге 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылды», - деп баяндады ол.
Сонымен бірге, Қарағандыда және Теміртауда жеке фирмалармен бірлесіп, емханаларда екі офтальмологиялық орталықтар ашылды.
«Ағымдағы жылы жеке инвесторлармен 2 млрд. теңгеге тағы 10 жобаны жүзеге асыру жөніндегі келісімдерге қол жеткізілді. Жезқазғанда магниттік-резонансты 3 томогарфия және Қарағандыда 2 компьютерлік-рентгендік томография кабинеті ашылмақ. Жезқазған мен Балқашта офтальмологиялық орталықтар ашылады. Қарағандыда облыстық аллергиялық орталық, неврологиялық патологиялы балалар үшін оңалту орталығы, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыста отбасы денсаулығы орталығы мен жаңа поликлиника ашылады», деп баяндады Е.Нұрлыбаев.
Сонымен қатар, Шахтинскіде гемодиализ орталығын салу шешілді.
Кездесуде атап өтілгендей, екі жылдың ішінде денсаулық сақтау саласына 4 млрд. теңгеден астам жеке инвестициялар тартылды.
Рим-католик епархиясы поликлиника салмақ, қазір оның жобалық-сметалық құжаттамасы жасалуда.
«Біздің аллергиялық орталық Қарағандыда алғашқы болмақ, қалада әзірге тіпті бөлімше де жоқ. Онда диагностиканың заманауи тәсілдері қолданылады. Пациенттер білікті медициналық көмекке ие болады. Орталық базасында аллергология және иммунология кафедрасының қызметі ұйымдастырылады», - деді «Олимп» клиникалық-зертханалық диагностикалық зеертханасы Қаарағанды филиалының директоры Дмитрий Гнейдин.
Балалар аурханасы жанынан тірек-қозғалыс аппараты бұзылған және неврологиялық сырқатқа ұшыраған балалар үшін оңалту оралығы ашылады. «Облыста 6 мыңнан астам бала неврологиялық сырқатқа ұшыраған, олар оңалтуды қажет етеді. 40 кереуеттік орталық заманауи мамандандырылған жабдықпен жарақтанады. Оны қараша айында ашуды жоспарлап отырмыз», - деді "Forheals farmaceuticals»ЖШС директоры Денис Подгайнов.