Жыл сайын Қарағанды облысында білім беру саласын қаржыландыру көлемі артып келеді. Осы жылы 207 білім беру ұйымын жөндеуге 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, бұл өткен жылғыдан 1,5 млрд теңгеге артық. Қазіргі уақытта 134 мектеп, 50 балабақша, 6 қосымша білім беру мекемесі, 10 колледж, 5 интернат және 2 балалар үйінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Күрделі жөндеу 34 білім беру мекемесінде 2,4 млрд теңге сомасына жүзеге асырылады. Облыстағы 33 білім беру нысанында жөндеу жұмыстары аяқталды.
Ведомствоның мәліметі бойынша қалалар мен аудандардың бюджеттерінен оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға 2,6 млрд теңге немесе қажеттіліктің 100% бөлінген.
Мектеп формасын кию ҚР БҒМ-ның 2016 жылдың 14 қаңтарындағы №26 бұйрығына сәйкес, мектептің жарғысы мен ішкі тәртіпке байланысты белгіленеді. Мектеп формасы классикалық үлгіде бірыңғай түсте болады. Оның дизайны ата-аналар комитетімен мақұлдастырылады.