Қарағанды облысында 27 жүк көлігі, 31 жеңіл машина қар құрсауынан шығарылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Қарағанды филиалы облыстық ТЖ және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп қар құрсауында қалып қойғандарды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осакаровка бекетінде (Алматы-Екатеринбург жолы) 27 жүк көлігі және 31 жеңіл көлік қар құрсауынан шығарылды. Жолаушылар жылыту пункттеріне орналастырылды. Олардың ішінде 5 бала бар, ең кішісі – 1,5 жаста.

Қазіргі уақытта ел бойынша 133 жылыту пункті жұмыс істейді.

Сонымен қатар, «Қызылорда-Павлодар- РФ шек.» жолындағы Қарағанды-Молодежное учаскесінде 20 көлік тұрып қалған. Жолшылардың күшімен кептеліс жойылды. Айта кету керек, аталғанучаскеде сағат 16:00-ден бастап көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Сағат 20:00-де берілген ақпаратқа сәйкес барлық көлік Қарағанды қаласына дейін жетті.

Егер тосын жағдай туындаған кезде жолаушылар ҚазАвтоЖолға қарасты тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа жүгіне алады. Нөмірі-1403.