Қарағанды облысында 27 жылқыны ұрлаған күдікті ұсталды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Қарқаралы аудандық полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынға 8 миллион теңгеден астам шығын келтірген барымташы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылдың мамыр айында Қарқаралыаудандық полиция бөліміне 37 жастағы аудан тұрғыны шағымданып, 2018 жылдыңжелтоқсан айымен 2019 жылдың қаңтар айы аралығында Бақты ауылынан 20 шақырымқашықтықта орналасқан жайылымнан 27 жылқысы жоғалғаны туралы арызданған. Малиесі шығынды 8,4 млн теңгеге бағалаған.

Айта кету керек ол 4 айға жуықуақыт бойы жоғалған жылқыны іздеп, табаалмаған соң полицияға арызданып, қылмысты жедел ашу мүмкіндігін жоғалтқан.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстықкодексінің 188-бабы 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полицияқызметкерлері қылмысты ашу үшін Қарқаралы ауданына қарасты барлық қыстақтарды тексерді.

«Криминалдық полиция бөліміқызметкерлері жүргізген жедел алдын алу іс-шаралары барысында аталған қылмысқақатысы бар деген күдікпен Томар ауылының бұрын осындай іспен тәртіпсақшыларының назарына іліккен 35 жастағы тұрғыны анықталды. Қазіргі уақыттатергеу амалдары жалғасуда», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ПД баспасөзқызметіндегілер.

Тәртіп сақшылары малға сақтықпенқарау керектігін ескертеді. Көп жағдайларда бағылмай қараусыз жүрген малұрланады. Оған қоса бірнеше айға дейін мал қораға қамалмайды. Барымташыларосындай жағдайды пайдаланып кетеді. Сондықтан полиция шаруа қожалықтарыныңиелеріне мал бағуды ұйымдастырып, ен салып, жайылым жерлерін бақылауға алуды,сонымен қатар ұрлық болған жағдайда бірден полицияға хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар