Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2019 жылы 11 ай ішінде экономикалық өсім 106,6% құрады. Негізгі қорларды инвестициялау 1,6 есе өсіп, 685 млрд теңге болды. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 700 млрд теңгеге дейін өседі», - дейді Жеңіс Қасымбек.
Оның айтуынша, құрылыс жұмыстарының көлемі 2 есеге өсіп, 372, 2 мың шаршы метр көлемінде үй салынды.
«Келесі жылы 630 шаршы метр үй салынбақ. Осы жылы облыстағы 3,5 мыңнан астам адамның баспана мәселесі шешілді. Оның ішінде 1008 адам »әлеуметтік кезекте« тұр», - дейді ол.
Сондай-ақ, облыс әкімі Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларындағы 300 үйдің газ қосуға дайын екендігін айтты.
2021 жылға дейін 1 млн адам, 100 елді мекен немесе 68 000 үй, 700 кәсіпорын көгілдір отынмен қамтылады.