Қарағанды облысында 30 гектар аумақта дала өрті болды

None
ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Шешенқара ауылынан 10 шақырым жерде маусымның 14-і күні 30 гектар аумақта дала өрті болды,

деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«Төрт сағатқа тарта уақыт бойы өрт сөндірушілер мен ерікті адамдар отпен күресті. Сағат 20.05-те өрттің жайылуы, ал сағат 22.11-де өрттің өзі тоқтатылды. Өрттің болу себебі анықталып жатыр»,- деп хабарлады облыстың ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге №34 өрт бөлімінің жеке құрамындағы төрт адам және ерікті 30 адам, сондай-ақ автоцистерналар мен үш техника жұмылдырылды.