Вакцина салуды 12 және одан асқандарға алуға болады. Сондай-ақ вакцина Қазақстан аумағында үш ай және одан көп тұратын шетел азаматтарына қолжетімді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
«Аталған препаратпен вакцинация орталықтарында екпе жасатуға болады (вакцина мөлшері жеткілікті). Қазіргі уақытта аймақта вакцинация және ревакцинация процедурасы сондай-ақ Vero Cell препаратымен (Sinofarm шығарған) жүзеге асырылады», – делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Pfizer (Комирнати) вакцинасының бірінші компонентін 36 838 адам алды. Толық курстан өңірдің 28 926 тұрғыны өтті.