Ведомсвто мәліметтеріне сәйкес, өрт кеше сағат 15:40-та Жаңаарқа ауданына қарасты Қараағаш елді мекенінде орын алған. Қызыл жалын түн ортасында ауыздықталды.
Тілсіз жау ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 6 маман мен 1 техникасының, сонымен қатар Қараағаш ауылдық округінің 20 адамы мен 4 техникасының күшімен ауыздықталды.
ТЖМ-нің атап өтуінше, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.