Қарағанды облыстық Ішкі істер департарменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияровтың сөзінше, апат Қарағандыдан шыға берістегі автобус аялдамасынан 5 км қашықтықта болған.
«Жолаушылар зардап шеккен жоқ. 43 адамның барлығы өздерін жақсы сезініп отыр. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда»,-деді Бақытжан Құдияров.
Алдын ала қорытынды бойынша жүргізуші көктайғақ кезінде көлікті басқара алмай қалған.