Қарағанды облысында 500 тоннадан астам құрғақ шөп пен пішен өртеніп кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қарағаш ауылдық округінде ірі өрт шықты. Тілсіз жаудың салдарынан 560 тонна шөп жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21 шілдедеЖаңаарқа ауданындағы Қараағаш ауылдық округінде 1185 га алқапта 560 тонна жиналғанпішен мен құрғақ шөп жанып кетті. Өрт шаруа қожалығы жұмыскерлерінің күшімен сөндірілді.

Тұтану алдын алаболжам бойынша, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау, техниканы ұшқынсөндіргішсіз қолданудың салдарынан болуы мүмкін.

Егін жинау жәнежем-шөп дайындау кезеңінде болатынөрттердің 80%-ы адамның кінәсінен туындайды. От жағу кезінде қауіпсіздіңережесін сақтамау, темекінің тұқылын тастау, балалардың сіріңкемен ойнауы, ауылшаруашылығы техникасының және көліктің ұшқын сөндіргіштерінен шыққан ақау,құрғақ кезде түскен найзағайлар өрттің шығуына себеп болады.

Өрттің алдын-алуүшін өрт қауіпсіздігі режимі мен қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.