Қарағанды облысында 6 елдің спортшылары ережесіз жекпе-жектен өткізілген турнирде күш сынасты

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында «Каскад» демалыс аймағында «Abadan» ережесіз жекпе –жектен халықаралық турнирі өтті. Сайыс Нұркен Әбдіровтің 100 жылдығына арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турнирдің ұйымдастырушысы– «Abadan» күрес клубы. Жарысқа Қазақстаннан, Ауғанстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан,Қырғызстаннан және Ресейден жиналған 20 спортшы қатысты.

«Бұл дәстүрлі турниржетінші рет өткізілді. Және де біз оны алғаш рет Қарқаралы қаласында өткіздік. Сайыстыңалдыңғы алтауы Қарағандыда өткен болатын. Бірақ енді жыл сайын жазда бір турнирдідәл осы жерде өткіземіз», - деді турнирдің ұйымдастырушысы, «Abadan» клубының жетекшісіНұрлан Қалтаев.

Турнир қорытындысы бойынша«Abadan Fighting Championship» додасының бас чемпиондық белбеулерін Шымкенттен БекжанӨтемісов пен Нұр-Сұлтан қаласынан Әли Қабдолла ие болды. Бекжан Өтемісов қарағандылықОлег Удодпен болған кездесуде жеңіске жетті. Ал Әли Қабдолла Өзбекстаннан келгенспортшы Хусниддин Махсудовты жеңді.

Бұдан басқа алматылықМейір Әбілғазиев Тәжікстаннан келген Джонон Сафаровты жеңіп шықты. Ал Қырғызстаннанкелген Жақып Туғанбаев алматылық Әшімхан Мәуленді жеңді. Ресейлік КириллШабанов Тәжікстаннан келген Джалоллидин Джуревтен жеңіліп қалды. Қайрат Нұрбай уулу Сұлтан Жолдошбек уулуға жол берді.Қарағандылық Жантас Қожанәсіп Ауғанстаннан келген Мирюбай Хайдармен болғанкездесуде жеңіске жетті. Жорабек Тешебаев алматылық Мырзам Еркенбековпен болғанкездесуде басым түсті. Майрбек Берсанов қарағандылық Мирас Мұхамеджановтанжеңіліп қалды. Ал алматылық Аян Айтуғанов қарағандылық Бауыржан Қуанышбаевқа есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар