«Сотталушы жеке тұлғалардан оның қызметтік өкілеттілігіне кіретін әрекеттері үшін 30 000 теңгеден екі рет пара алған. Лейтенант қылмыстық іс жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3 тармағында қарастырылған «бірнеше рет пара алу» бойынша айыпты деп танылды», - деп хабарлайды Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сот лейтенанттың қасақана жемқорлық жасай отырып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» екі бірдей заңды бұзғандығын атап көрсетті.
Сот оның ісіне қатысты алынған парадан жетпіс есе көп мөлшерде, яғни мүліктік тәркілеумен 2 миллион 100 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасын тағайындады.
Оған өмір бойы мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды. Сондай-ақ ол полиция лейтенанты дәрежесінен айырылды.