Аталмыш қызмет 2014жылы денсаулық сақтау саласында адам құқықтарынқорғау мақсатында құрылды. Мамандарнауқастарға сапалы қызмет пен медициналық көмек көрсетудегі кемшіліктерді анықтауменайналысады. Қолдау қызметінің көмегіне сұрақтары, ұсыныстары немесе қандай дабір мәселелері бар кез келген адам жүгіне алады. Анонимді шағымдар қаралмайды -маманға өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді, байланыс телефоныңызды көрсетуменнақты мәселені баяндап беруіңіз керек.
Қауырт желіге науқастыңөзі немесе оның заңды өкілі қоңырау шала алады.
Науқастарды қолдауқызметіне егер сізде келесідей жағдайлар болса жүгінуге болады: көрсетілгенмедициналық көмекке көңіліңіз толмаса; медициналық қызметкер дөрекі қылықкөрсетсе; кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында медициналыққызметтер үшін ақша талап етілсе; егер сізге кеңес қажет болса.
Еске сала кетейік, 2018жылдың 18 қыркүйегіндегі ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі»туралы кодекстің 58-бабына сай, ішкі сараптама жасау үшін медициналық ұйымданауқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметі құрылады. Аталмыш қызмет құрылымымен құрамын көрсетілетін медициналық қызмет көлеміне сай ұйым жетекшісі бекітеді.
Науқастарды қолдаужәне ішкі бақылау қызметі көрсетілетін медициналық көмектерді, медициналықұйымның клиникалық қызметін, медициналық көмектерге көрсетудегі жіберілген тәртіп бұзушылықтарды саралап,емделіп жатқан науқастың өтінішін бес жұмыс күні ішінде қарауды қадағалайды.Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша ішкі бақылау қызметі анықталғанолқылықтарды ретке келтіру үшін медициналық ұйым жетекшісіне ұсыныстардыжібереді.