Қарағанды облысында 9 мыңнан астам ірі қара малдан бруцеллез анықталды
13:47, 09 Шілде 2009
            ҚАРАҒАНДЫ.    Шілденің  9-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды  облысында  жылдың басынан бері  3 15 003 бас ірі   қара  мал иммундық-ферменттік  талдау  әдісімен  бруцеллезге тексеріліп, 
                9 063 бас малдан оң реакциясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының мәліметтеріне сілтеме жасап.
Барлық қажетті алдын-алу шаралары қабылданды, деп хабарлады облыстық аумақтық инспекцияның мамандары. Бруцеллезбен ауырған малдар анықталған қораларда зарарсыздандыру шаралары жүргізілді.